Бұрын CyberConnect деп аталған Cyber хаттамасы көпірінің күдікті бұзылуы туралы хабарлады. Шабуылдаушы Solana желісінде 5,21 млн рұқсатсыз CYBER токенін шығарып, Ethereum көпірінен сондай көлемде қаражат шығарып алды. Жауап ретінде Оңтүстік Кореяның Bithumb және Upbit биржалары токен трансферін тоқтатты.
Токендер АҚШ Шығыс жағалауы уақыты бойынша сағат 11:13-те шығарылды, ал екі минуттан кейін сол көлемдегі CYBER Ethereum көпірінің CyberTokenAdapter келісімшартынан кетті.
Ұрланған CYBER-дің 968 мың доллар тұрарлық бөлігін KyberSwap пен MetaMask Swaps арқылы 575,29 ETH-ке айырбастап, жаңа әмиянға аударды, ал 412 мың шақты CYBER белгісіз мекенжайларға жіберілді. Шабуылдан болған жалпы зиян шамамен 1 млн долларға бағаланды.
Тергеу жүріп жатқан кезде көпірді пайдаланбай, биржа шоттарына CYBER салмауды Cyber ұсынды.
Bithumb сауда жалғасатынын, ал желі тұрақтылығы расталғаннан кейін трансферлер қайта іске қосылатынын мәлімдеді. Upbit толық тоқтатпай, трейдерлерге ескерту жасады.
Сатылым кезінде CYBER бағамы шамамен 8%-ға, 0,2024 долларға дейін түсті, ал жарияланым сәтінде 0,213 долларға дейін қалпына келді.
Қай активтер мен көпір маршруттары зардап шеккені және шабуылдың артында кім тұрғаны әзірге белгісіз, тергеу жалғасып жатыр.
Cyber бұрын CyberConnect деп аталған әлеуметтік граф хаттамасы болған, ол 2021 жылы Multicoin Capital мен Sky9 Capital-дан 10 млн доллар тартқан. CYBER токені 2023 жылғы тамызда Binance Launchpool-да шықты, ал 2024 жылғы мамырда жоба Cyber деп өзгертіліп, өзінің Ethereum Layer-2 желісін іске қосты.


